Дарын жетістік » №18 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№18 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
июнь
2023

Дарын жетістік



Ағымдағы жылдың қаңтар –ақпан  айларында Алматы облыстық «Жас дарын» орталығы мен «Zerdeli» ақыл-ойды дамыту мектебінің бірлескен 3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасы өткізілді. 

          Мектепішілік кезеңнен аудандық кезеңге 15 оқушы, оның ішінде 3-сыныптар бойынша 7 оқушы, 4-сыныптар бойынша 8 оқушы қатысты. Аудандық кезеңге 4 оқушы қатысты,  Алмасқызы Ақерке 3 орын, Ертуған Ақнұр  3-орын,Асанова Айгул 2 орын, Тен Диана 3 орын иеленді. Жетекшілері: Полуева Ольга Анатолиевна. Мукаева Эльмира Нуртлеуовна. Мысаева Камшат Зейнешовна. Исканова Жаухазын.

Мектеп бойынша халықаралық интеллектуалды байқауларға қатысу көрсеткішіміз өте жоғары. «Пони», «Ақбота», «Кенгуру-математика»,   «Кенгуру-лингвист», пән олимпиадары, республикалық өнер байқауларына мектеп бойынша  100 дей оқушы қатысып мектеп мәртебесін көтеріп отыр. Бұл жақсы көрсеткіш. Мектеп рейтингін көтеретін 5-11 сынып оқушылары арасында өтетін аудандық көркем сөз байқауларына «Мұқағали», «Абай», «Ілияс», «Яссауи», «Әбіш», «Мағжан», «Қадыр» ,«Мәшһүр» оқулары, «Жарқын болашақ», байқауларына оқушылардың қатысу дайындықтары жақсы.Атап айтсақ. 


2022 жылы желтоқсан айында 3-4 сынып оқушылары арасында өткен  «Абай оқулары» байқауынан Аманжол Қуаныш ІІ орын, Чайко Алеся І орынды иеленді. Жетекшілері: Исканова Ж. Ельбаева Ж.

2023 жылғы  3 ақпан  күні өткен аудандық бастауыш сынып арасында өткен «Поэзия, менімен егіз бе едің? ҮІ аудандық Мұқағали   оқуларынан  2сынып оқушысы Молдабай Таңшолпан І орын, 4 сынып оқушысы Жолдасбек Тимур қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Мысаева К. Иликбаева М.

Іле аудандық білім бөлімінің 2023 жыл  31 қаңтардағы  №78 бн/қ бұйрығы сәйкес 7 ақпанда  Казцик ауылы  №42 орта мектеп базасында өткен  «Әбіш оқулары» байқауының аудандық кезеңіне 10  сыныптан үш оқушы қатысып, Қанапияұлы Досхан ІІ орын, Рузимбаева Алия ІІІ орынды иеленді.жетекшсі Басбаева К.

Ащыбұлақ окрук әкімі ұйымдастыруымен өткен  Мұқағали Мақатаев оқулары «Жырлайды жүрек» атты әдеби өнер байқауына Полат Ақбота бас жүлде, Қанапия Досхан алғыс хат, Мырзахан Нұрсаш ІІ орынды иеленді. Жетекшісі Басбаева К.

   2023 жылғы  3 сәуір күні Байсерке ауылында №12 орта мектеп базасында өткен аудандық  Ілияс оқулары байқауына 6 сыныптан үш  оқушы қатысып, «Ілияс - сөз шебері» номинациясы бойынша Балтабай Қарақат жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі Ысқақ К.

       2023 жылғы  12 сәуір күні  Қоянқұс ауылында  №47 орта мектеп базасында өткен аудандық  Мағжан оқулары байқауына сынып оқушылары Оразбай Әдемі,Сали Асия қатысты. Бірақ орын ала алмады.

       2023 жылғы  1 сәуір күні   Чапай ауылында №10  орта мектеп базасында өткен аудандық «Жарқын болашақ»  қазақ тілі олимпиадасына 10 сынып оқушылары қатысып, «Бейнелеушілер» номинациясынан Қанапияұлы Досхан ІІ орын, «Әнші бұлбұлдар» номинациясынан Мырзахан Нұрсаш ІІ орын,  «Жас қаламгер» номинациясынан Диханбай Мадина ІІІ орын, « Білгірлер бәйгесі» номинациясынан Жақсылық Сабрина ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Басбаева К.

       2023 жылғы  16  наурыз күні   Қараой ауылында №49 орта мектеп базасында өткен аудандық «Абай оқулары» байқауына  7-10 сынып оқушылары қатысты. Нәтижесі төмендегідей;

Оқушының аты-жөні

/толық аты-жөні/

сыныбы

номинациясы

Орын 

 Мұғалімі

(толық аты-жөні) 

1

Нариман Ясмин

7

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» 


Нұртазина Ұлжан

2

Мақсатұлы Жансерік

7

«Абайдың қара сөздері»


Нұртазина Ұлжан

3

Мырзахан Нұршаш

10

«Көңілім әнді ұғады»

ІІ

Басбаева Камшат Абаевна

4

Диханбай Мадина

10

«Ұлылар әлемі» 

ІІІ

Басбаева Камшат Абаевна

       2023 жылғы 27 сәуір күні  Өтеген батыр кентінде №38 орта мектеп базасында 6-8 сынып оқушылары арасында өткен аудандық «О том, как хорошо природа» байқауына Назаренко Илья, Молоковских Арина, Омар Нурай қатысты. Орын алмады.

 Алайда, атап өтілген байқаулардың барлығы аудан көлемімен шектеліп отыр.

2 мамыр күні №18 орта мектеп базасында өткен аудандық Мәшһүр Жүсіп оқуларына  «Мәшһүр Жүсіп шығармалары және ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша Аманжол Аяжан ІІ орын, жетекшісі Чамчиева  А. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, сөзімдісөйлеп бақтыммен де білген» бағыты бойынша Диханбай Мадина ІІ орын, «Білімді, зерек адам боламы!» десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағыты бойынша Полат Ақбота  І орынды иеленді.

4 мамыр күні Қонаев қаласында өткен облыстық Мәшһүр Жүсіп оқулары байқауына Полат Ақбота қатысып, І орынды иеленіп, республикалық кезеңіне қатысып қайтты. Жетекшісі Басбаева К.

 2023 жыл 05 мамырда   Ащыбұлақ аймағында орналасқан №51 орта мектебінде   өткен  «Нағыз қазақ осы, міне, танып қой» байқауынан Ким Карина І орын, Чайко Алеся ІІ орын жетекшісі Елбаева Ж. Тен Диана, Раипова Анель, Махмутова София, Батагириев Александр командалық өнер көрсетіп ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі Қорғанбаева Г.

Аудандық «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауынан Қанапияұлы Досхан           ІІІ орын, Ерзаков Батыр  алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілері: Сауекенова Ж. Боранбаев М.

Оқушылардың спорттық жарыстар бойынша да жетістіктеріне тоқталып өтейік: 

Мектеп лигасы аясында шахмат, шашки аймақтық жарысы бойынша оқушыларымыз І орынға ие болды, бірақ аудандық кезеңнен орын алған жоқ. Жетекшісі Ұлықбекұлы Ж

Тоғызқұмалақ, асық ату, бестас жарыстары бойынша аймақтық кезеңнен мектеп командасы аудандық кезеңге өте алмады. Жетекшілері Құдайберген С, Куватов Ж.Б.

Баскетбол жарысы бойынша 7-8 сынып оқушылары арасындағы аймақтық кезеңнен І орын, аудандық кезеңнен І орынға ие болып облысқа жолдама алды. Жетекшісі Имадилдаев Н.А.

 «Шұбар доп» валейбол жарысы бойынша 9-11 сынып оқушылары қыздар арасындағы аймақтық кезеңнен І орын, аудандық кезеңнен І орын, облыстық кезеңнен ІІ орынды иеленді. Жетекшісі Кошеров А.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 31 жыл және Ұлы жеңістің  78 жылдығына орай ұйымдастырылған аудандық «Жас ұлан-2023» әскери спортттық ойнына мектеп   командасы қатысып жүлделі бірінші орынмен марапатталды. Жедекшісі: Абдрешов Д.

Аудандық "Полиция жас көмекшілері" байқауынан мектеп комадасы 3 орынды иеленді. 

Былғары қолғап бойынша да оқушыларымыз Республикалық деңгейде жетістіктерге жетіп жатыр, жетекшісі Тыллаев Ұ.Х

Ауыр атлетика бойынша мектебіміздің оқушылары Синкеевич Ксения, Жұмабай Нұржан Халықаралық деңгейде ел намысын қорғауда. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив