PRIMARIES 2020 » №18 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№18 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
сентябрь
2020

PRIMARIES 2020

МӘЛІМЕТ
Аудандық мәслихат депутаты кандидаты бойынша  
  «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы 
Уалибаева Айгуль Сагинбаевна 
(ФИО)
Уалибаева   Айгуль   Сагинбаевна  1973 жылы 9  қазанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Тасбұлақ  ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1993 жылы Есік педагогикалық  училищесін  үздік белгімен, 2003 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының   бастауыш      сыныптар және педколледж оқытушысы  мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. 
  Еңбек жолын 1993-1994 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы, Сарыбұлақ орта мектебінде бастады.    1994-2004 жылдары  Іле ауданы  Боралдай ауылы, №40 бастауыш мектепте бастауыш сынып мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды.  2004-2015 жылға дейін   Іле ауданы,  КазЦИК ауылы, Ә.Молдабеков   атындағы   орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі және   директордың  әдістемелік  жөніндегі орынбасары болып істеді. 
   2015 жылдан бері Қараой ауылындағы Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектепте мектеп директоры қызметін атқарып келеді. 2012 жылдан бері  Алматы облысының білім саласындағы бақылау департаментінің жалпы білім беретін мектептерді мемлекеттік аттестаттаудан өткізу комиссиясының мүшесі,2011 жылдан бері  аудандық «Ізгілік» шығармашылық  топтың  мүшесі, аудан  мектептерінің  оқу-әдістемелік жұмыстарын тексеру, зерделеу бойынша  комиссия мүшесі, 2014жылдан бері  Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің ҰБТ-ді өткізу бойынша министр өкілі.
Осы жылдар ішінде    Айгүл Сағынбайқызы әдістемелік тәжірибесі мол, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл, білікті, білімді  басшы екенін көрсете білді. Үнемі ізденіс үстінде жүретін басшы ретінде мектеп ұжымын жаңашылдықпен басқарып келеді.  Бірінші деңгей біліктілік курсы  мен басшыларға арналған бағдарламасын аяқтады. Еңбек жолында аудан, облыс, республика  көлемінде директорлар мен директордың орынбасарларына семинарлар, шебер сынып өткізіп,  іс-тәжірибесімен бөлісіп отырады. Жетекші мектеп басшысы ретінде желілік қоғамдастықтың жұмысын серіктес мектептермен жоғары деңгейде жүргізіп келеді. Талдықорған, Алматы қаласындағы ПШО (ЦПМ) тығыз байланыста жұмыс істеп, мектепті табысты мектептер қатарына қосуда аянбай еңбек етіп келеді. Айгүл Сағынбайқызы басшылық еткен жылдан бастап мектептің ҰБТ көрсеткіші, білім сапасы айтарлықтай жоғары нәтижеге ие болды. ҰБТ 77,8% дан 92,9% ға,  білім сапасы 54 пайыздан 70 пайызға дейін көтерілді. Алтын белгі төсбелгісінің және  мемлкеттік грант иегерлерінің саны жылдан жылға өсуде. Дарынды оқушылармен жұмысты жетілдіру басты мақсаты. 
Айгүл Сағынбайқызы басқарған  мектеп ұжымы мен  білім алушылары жылда түрлі әдістемелік шараларға, аудандық, облыстық, Республикалық, Халықаралық байқаулар, конкурстарға белсене қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Аудан мектептерінің арасында атаулы мектептер қатарында.   
«Nur Otan» ХДП-ң мүшесі. 
        Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен,  Алматы облысының білім саласындағы бақылау департаментінің, аудандық, облыстық  білім бөлімінің алғыс хаттарымен, аудан әкімінің «Үздік әдіскер», «Үздік директор » құрмет грамотасы,    «Үздік мектеп» аудандық білім бөлімінің грамотасымен,  «Nur Otan» алғыс хатымен,  республикалық пәндік олимпиада алғыс хатымен марапатталған. Республикалық  «Өрлеу» білім ғылым технология порталының  Құрмет громатасы, «Білім беру ісінің үздігі» куәлік төсбелгісін алды.  «НЗМ» ДББҰ «100 кітап, 100ән» жобасының ІІІ дәрежелі диплом, алғыс хат,  ҚР БҒМ TALIS 2018,    «Дарын» РҒПО  алғыс хатына ие болды. Ziatker.kz ҚР Білім және Ғылым порталы оқу әдістемелік орталығының  алғыс хаты,  құрмет- грамотасымен марапатталды.     2019жылы НЗМ ДББҰ Басқармасының алғыс хатын, (10 жылдық белгісі) алды. Мектеп түлектері «Үздік студент» атанғаны үшін ЖОО-ы ректорының алғыс хатына ие болған.  «Platon» ХБДО «Үздік директор» төсбелгісімен және алғыс хатпен марапатталды. 2020ж «Абай Құнанбайұлы 175жыл» медалі, республикалық байқауы «Platinum Level» медалі,  «Daryn.online» республикалық олимпиадасы І дәрежелі диплом, «Жарқын болашақ» республикалық байқауы алғыс хат, облыстық  «Табысты басшы» байқауынында  І орынмен марапатталған.
 Тұрмыс құрған. Бір қызы бар.  
Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, Водник ы.а 6 үй, 20 пәтерде тұрады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив