Іс-шаралар » Страница 8 » №18 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№18 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Құқық - өмір айнасы" атты брифинг өтті
16
ноябрь
2022
"Құқық - өмір айнасы" атты брифинг өтті
Мектебімізде 16 қараша күні "Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау" күніне орай, оқушыларды құқықтық сауаттандыру,құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған тиімді,бірлескен іс - қимылдар жүргізу мақсатында "Бала құқығы -  адам құқығы" онкүндігі аясында 5 "Ә" сынып жетекшісі Тұрдыбек Гүлдәри "Құқық - өмір айнасы" атты тақырыпта брифинг өткізді. Брифинг барысында балалар өздеріне берілген тапсырма бойынша топтық жұмыс жасап,құқық бұзушылық бойынша көріністер көрсетіп,құқық туралы өздерінің
Оқушылар арасында сауалнама жүргізілді
16
ноябрь
2022
Оқушылар арасында сауалнама жүргізілді
Құқық айлығы аясында зорлық зомбылықтың, күш көрсетудің алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушылар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың нәтижесі бойынша құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.
Қыздар, ұлдар отырысы
15
ноябрь
2022
Қыздар, ұлдар отырысы
Буллинг, кибербуллинг, собачий кайф, құқыққа  қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік тақырыптарында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.А.Нагиметова, Г.К.Есполова,  мектеп психологтары Д.Т.Ирдимбекова , В.И.Талюс, профилактикалық кеңес төрайымы Бердикулова А.Т 9-11 сынып оқушыларымен қыздар, ұлдар отырысын жасап, түсіндірме әңгімелер жүргізді.
«Өзің оқы, өзгеге сыйла» атты буккросинг акциясы
14
ноябрь
2022
«Өзің оқы, өзгеге сыйла» атты буккросинг акциясы
Мектебімізде 10 қарашада «Окуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп  оқушылары арасында өзара кітап алмасу, кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын ояту, рухани мәдениетті көтеру мақсатында «Өзің оқы, өзгеге сыйла» атты буккросинг акциясы ұйымдастырылды. Акцияға 5 В, 8 Ә сыныбы белсене қатысуда.  Барша білім алушыларымызды акцияға белсене қатысуға шақырамыз.
"Буллинг және кибербуллинг деген не?"
14
ноябрь
2022
"Буллинг және кибербуллинг деген не?"
Құқық айлығы аясында "Буллинг және кибербуллинг деген не?" тақырыбында бопсалауды және әлімжеттілікті болдырмау мақсатында  оқушыларға  аға лейтенант ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы Есимбекова Аида Балташевна сауалнамалар мен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп ақыл- кеңестер ұсынды.
«100 кітап оқы», «Читай 100 книг» марафон
11
ноябрь
2022
«100 кітап оқы», «Читай 100 книг» марафон
11ші қарашада  мектебімізде оқушыларды 100 кітап оқуға шақыратын  «100 кітап оқы», «Читай 100 книг» атты кітап оқу марафоны басталды. Жобаның мақсаты - оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туын -дылардың рухани маңыздылығын жеткізу.   Марафон қарсаңында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында әзірленген 100 кітап тізімі ұсынылды. Аталған тізімде қазақ әдебиетінің, әлем әдебиеті -нің классикасы қамтылды. Таңдалған шығармалар желісімен
«Буллинг»
11
ноябрь
2022
«Буллинг»
В средней школе 18 им.Ы.Ногайбаева среди учащихся 7-11 классов было проведено анонимное анкетирование на тему «Буллинг», с целью выявления участников и жертв буллинга. Также с учениками были проведены беседы на тему «Как защитить себя от буллинга», и даны рекомендации.
«Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы
07
ноябрь
2022
«Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы
«Адал ұрпақ» еріктілер клубының мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдинетті мектеп ортасында қалыптастыру «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы 3 бағытта жүреді: 1. Сыбайлас жемқорлық туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарысы мәдинетті мектеп ортасында қалыптастыру 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамда үгіт насихаттар жүргізу
Мектепішілік Ұлттық лиганың ашылуы
25
октябрь
2022
Мектепішілік Ұлттық лиганың ашылуы
Республика күніне орай мектепішілік Ұлттық лиганың ашылуы өткізілді.  Мектеп лигасының мақсаты – оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға баулу Білім алушылар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау. Республика күні құтты болсын!
Жас Ұлан әскери-спорттық эстафетасы
25
октябрь
2022
Жас Ұлан әскери-спорттық эстафетасы
Мектебімізде 25 қазан - Республика күніне арналған Жас Ұлан әскери-спорттық эстафета өтті.  Жарысқа Қараой ауылдық округінің №14,18,26,49,50 мектеп командалары қатысты. Жарыс  әскери-спорттық эстафета, арқан тарту, ұлттық ойындар, азаматтық қорғаныс дайындығы кезеңдерінен тұрды.  Спорттық эстафета нәтижесі бойынша  🥇1 орынға-Ы.Ноғайбаев атындағы №18 мектеп 🥈2 орынға- №26 орта мектеп 🥉3 орынға -№14 орта мектеп ие болды. Жеңісті күндеріміз көп болсын! Республика күнімен!