Іс-шаралар » Страница 7 » №18 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№18 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлттар достығы
21
декабрь
2022
Ұлттар достығы
Мектебімізде балалар жылының жабылуына орай 6-7 сыныптар арасында "Ұлттар достығы" фестивалі ұйымдастырылды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жеңімпаз сыныптар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Шахматтан мектепішілік олимпиада ойындары
16
декабрь
2022
Шахматтан мектепішілік олимпиада ойындары
"Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектеп" МКМ базасында дене шынықтыру пәні әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен "16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне" орай 2-11 сыныптар арасында шахматтан мектепішілік олимпиада ойындары өтті. Жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Тәуелсіздік күні
16
декабрь
2022
Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік күні құтты болсын қазақ елі! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Мұғалімдер арасында эстафеталық жарыс
15
декабрь
2022
Мұғалімдер арасында эстафеталық жарыс
Ел Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай мектебімізде мұғалімдер арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.   Шара мақсаты - ұстаздардың арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау.  Эстафетаның қорытындысы бойынша "Чемпион" командасы жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленді.
Болашақты нұрландырған- Тәуелсіздік
15
декабрь
2022
Болашақты нұрландырған- Тәуелсіздік
Ы.Ноғайбаев атындағы 18 орта мектепте Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында  “Болашақты нұрландырған- Тәуелсіздік” атты кездесу кеші болып өтті. Кездесу қонағы - желтоқсан куәгері Толкумбекова Гүлнәр болды. Оқушылар Гүлнар әпкелерінің естеліктерін тыңдады. Тәуелсіздікті паш ететін қазақ ақындарының жырларын мәнеріне келтіре оқыды.
Жаңа әлемдегі Тәуелсіз Қазақстан
15
декабрь
2022
Жаңа әлемдегі Тәуелсіз Қазақстан
Мектебімізде Тәуелсіздіктің 31 жылдығына арналған "Жаңа әлемдегі Тәуелсіз Қазақстан" атты патриоттық концерт өтті. Шара мақсаты: оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Оқуға құштар мектеп
15
декабрь
2022
Оқуға құштар мектеп
Ы. Ноғайбаев атындағы 18 орта мектепте “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында көптеген іс -шаралар жүзеге асырылып , оқушылардың “оқысам “, “білсем” деген зейіндерін, құштарлықтарын оятуға көмегі тиюде. Сондай оқуға құштар сыныптардың бірі , О.А.Полуева жетекшілік ететін - 9"Г" сыныбы. Тәуелсіздік күні қарсаңында “Бір ән - бір тарих”, “Одна песня - одна история" тақырыбында Қазақ елінің  ән ұраны “Менің Қазақстаным” әнінің тарихымен танысты.
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі
14
декабрь
2022
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі
Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті.  Галстуктерді  мектеп президенті, мектебіміздегі «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі мен Жас ұлан мүшелері тақты. Бүгінгі «Жас Ұлан»  қатарына өткен оқушылар  еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосады деп сенеміз.  Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі"
09
декабрь
2022
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым
Мектебімізде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі" тақырыбында "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы және "Адал ұрпақ" еріктілер клубының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін қалыптастыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаның  еркін сөйлеуіне, еліне, жеріне  деген өз ой - пікірлерімен бөлісуге жағдай жасау, өз еліне  адал қызмет етуге, Ата
1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
01
декабрь
2022
1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
«1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні» бойынша, мектепте 9-11 сыныптар аралығында медбике Көрпебай А. «СПИД туралы не білу керек?» тақырыбында бейнеролик көрсетіп, дәріс оқыды. Дәріс барысында оқушыларды жалпы СПИД-тің шығу тарихымен, оның жұғу жолдары және одан сақтану ережелерімен таныстыра кетті.Өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері «Тоқта ЖИТС, Стоп СПИД» тақырыбында баяндамалар оқып, бейнероликтер көрсетіп, ақпараттық парақшалар таратылып, қабырға газеттері шығарылды. Сонымен