03
февраль
2022
«Сынып жетекшісі қызметін ұйымдастыру» тақырыбында семинар
Сынып жетекшілер әдістеме бірлестігінің жоспарына сәйкес 03.02.2022ж. күні ДТІЖО Г.Нагиметова мен А.Бақбергенованың ұйымдастырумен «Сынып жетекшісі қызметін ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға 1-11 сынып жетекшілері қатысты. Сынып жетекші әдістеме бірлестік жетекшісі Г.Қорғанбаева «Сынып жетекшінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі» және 8 «ә»сынып жетекшісі А.Көптілеуова «Отбасы тәрбиесі-тәрбие бастауы» тақырыбында баяндамалар жасалды. Жас сынып жетекшілер ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар ұйымдастырушы педагог А.Бердикулова сыныптарда өзін-өзі басқару «ЖасҰлан», «Мектеп парламенті» жұмыстарын ұйымдастыру, жүргізу туаралы толық ақпарат беріп, бейнеролик көрсетті.